Қолғабыс – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қолғабыс» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1557
Əдетiмiз солай,
Жатамыз бiз қалай?
Колхозға да барып,
Көмектестiк талай.
Қырықтық та қойды,
Тазаладық жолды.
Шөмеле де салдық,
Қырманға да бардық.
Ниет қылып iзгi,
Ағай бастап бiздi,
Көмектестiк тағы,
Қызу еңбек қызды.
Мұрат, Тұрап, Асан,
Бөкен, Төкен, Хасан –
Бiз көп бала едiк,
Жинатты алма сенiп.
Тапа-тал түс күндiз,
Алма терiп жүрмiз.
Үйiп-үйiп мол ғып,
Бəрiн жинап болдық.
Сол алманың, бiрақ та,
Көбiн бiз жеп қойдық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері