Ертең ерте – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Ертең ерте» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2080
Таң атқанда арайлап,
Оянады бар аймақ.
Бiр кiрiп те, бiр шығып,
Басталады тiршiлiк.
Жап-жарық боп төңiрек,
Сиыр шығар мөңiреп.
Ит үредi арсылдап,
Шошқа жүрер қорсылдап.
Кiсiнескен жылқылар,
Жайылымға ұмтылар.
Қозылары жамырап,
Қой жүредi маңырап.
Қораз-тауық шақырып,
Есек тұрар ақырып.
... Кей жылауық балалар
Оянады бақырып....


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері