Өткелдер

Бұл бетте «Өткелдер» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көзімді ашып,шыр етіп келдім өмірге,
Ғұмырлық қуат маңдайға Күннен төгілген
Бауырға басып жап-жарық әлем құшқанда,
Бақыттың дәмі Ана сүтінен білінген.

Еңбектеп жүріп, елімді мынау таныдым
Бақытқа тағы қосылды Әке бауырым.
Бйтақ жерімде тұсауды Әжем кескенде,
Ана тілімді сый қылып тартты тәңірім.

Мектептен таптым мол қазынасын халқымның,
Тарихы терең Бабамнан қалған салтымның.
Дәстүрім менің дархан даламның заңдары
Мен үшін қымбат бағасынан да алтынның.

Қанатты жайып самғадым көкке қырандай
Қазағым үшін төгемін терді аянбай.
Жалғасын таптым ақ отау құрып өмірдің
Армандап жүрген бақыт бекетін аялдай.

Сезіне алсаң тұрады тылсым тіл қатып.
Адасып жатсаң жұректі тыңда бір уақыт.
Өмірдің мәні жалғасын құрау ертеңнің
Өмірді сүру бағалағанға бір бақыт

Ержан Қабышұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткелдер өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Өткелдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткелдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ержан Қабышұлы Қабанбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткелдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер