BuraNaiman

  • Ұпайы: 256
  • Тіркелген уақыты: 04.03.2023 12:48
  • Соңғы кірген уақыты: 08.04.2026 07:49
  • Аты-жөні: Ержан Қабышұлы Қабанбай
  • Жынысы: Ер
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Өлеңдер

Ержан Қабышұлы Қабанбай - өлеңдері

Ержан Қабышұлы Қабанбай жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.

Оқырманға

Білгенімен бөліскені парыз деп,
Серпінуге жаңа балғын мән іздеп,
Ақ парақта арпалысып жүр олар,
Жазбаларын түсінетін жан іздеп?

Толық оқу

Ақыл

Ақыл айтсам бола ма саған балам?
Өмір деген даңғыл жол, тарам-тарам,
Жан-жағыңа ізетпен қарайлап жүр,
Абайлап бас асықпай алаң қадам.

Толық оқу

Елестет мені

BuraNaiman

Елестет мені жатарда, ұйықтарда.
Ұнатсаң ұнат, бірақта сүйіп қалма.
Мендік сезімнің жалыны тас балқытар,
Жазықсыз талай нәзік жан күйіп қалған…

Толық оқу

Не десем екен

BuraNaiman

Ұқсатар ем тал бойыңды шынарға,
Көктем күні мақта шашып шулатты.
Нәзіктігің құралайдай деп едім,
Соңғы кезде киіктерді көп атты.

Толық оқу

Бүкпесіз

BuraNaiman

Мен сендерді сүйемін,
Барлығыңды кешірдім.
Сендер мені кешіргің,
Мен де өкпемді өшірдім

Толық оқу

Жастық шақ

BuraNaiman

Жастық шақ өткенің бе қайран боп,
Оралыңа шарам да жоқ, айлам жоқ.
Естелікпен күн өткізіп өткенше,
Бір күніңді сыйға берші қайтан кеп.

Толық оқу

тіл маманының хаты

BuraNaiman

Теңеп жүрмін өзіңе көп сын есім,
Бірақ менен зат есімдер қалайсың,
Сан есімнің шаштым талай кәдесін,
Етістіктен біреу қашан сыйлайсың.

Толық оқу

Ақыл айтқан жеңіл ғой

BuraNaiman

Ойланып - ойды таба алмай,
Жайланып - жайды таба алмай,
Баптанып - бабың шаба алмай,
Бақ тауып бағың жана алмай
Қалғаныңда қайтер ең?

Толық оқу

жұбату

BuraNaiman

Желмаядай жел есіп,
Зымыраған жалғанда,
Егіз жүрек жүздесіп,
Жете алған ба арманға?

Толық оқу

Мұқағалиша

BuraNaiman

Естігенде биліктің былықтарын,
Жамай алмай жүрсе ел жырықтарын,
керең болғым келеді, керең болғым,
Түсінбейтін тұрса да көріп бәрін.

Толық оқу

Сезім тұтқыны

BuraNaiman

Сені көрген көздерім де
кінәлі,
Сені сүйген жүрегім де айыпты.
Бар болғаны көңіліңді ұрладым,
Жазаңды бер жаным енді лайықты.

Толық оқу

"ӨЛЕҢ" дейді біреулер

Қайрат Тілекқабылұлы

Күннен күнә іздеткіш, Айдан күдік,
Қайдан жұққан мінез — бүл?
Қай заңдылық?
... өмір сүріп жүрмін сол әдетімше:

Толық оқу

Ұста 1-бөлім

Қайрат Тлекқабылұлы

Бір қалада, жұмыста, құрылыста
Қалың ойда жүреді кіл бір ұста,
Тыныққанда шегеді шылымын да
ойға батып отырып бір бұрышта.

Толық оқу

Айтамын алғыс

BuraNaiman

Бақытты өмір сыйлағаны үшін,
Алғыс Әкем мен Анама.
Жетектеп бірге ойнағаны үшін,
Алғыс Әпкем мен Ағама.

Толық оқу

Өтірік махаббат

BuraNaiman

Түсінеміз бірімізді-біріміз,
Қашықтықтан сөйлесеміз ымдасып.
Арамызда қалар ма екен сырымыз,
Махаббаттың тыңшысындай бір ғашық?

Толық оқу

Альбом

BuraNaiman

Жап-жаңа ғана, таң еді ғой, ә? Таң еді!
Ағараңдаған аспанға мынау таң едім.
Жап-жаңа ғана, кекілін оңға қайырған,
Күн шуағына сығырайған сол бала едім.

Толық оқу

Оралмас бақ

BuraNaiman

Жаралса да бір-бірінің бағы үшін,
Дегенменен тоғыспаған жолдары,
Біреу жүрді аралаумен бақ ішін,
Бақыт құсын байқамастан қолдағы.

Толық оқу

Ақша қар

BuraNaiman

Бірін-бірі итеріп барады бұлт,
Көшкен қойдай қыстаққа жел айдаған.
Күннің көзі әр жерден қарап жылт-жылт,
Жас келіндей танытар сыңай маған.

Толық оқу

Небір қазақ бар

BuraNaiman

Күйін білмей, шашылатын қазақ бар,
Бай болуға асығатын қазақ бар.
Шашылатын-асығатын қазақты,
Берешекке батыратын қазақ бар.

Толық оқу

Сағынбайтындарға

BuraNaiman

Пенде едім мұңға көп малынбайтын,
Бір уайымнан болыппын арылмайтын.
Соңғы кезде жақынның ұялыма,
Қоңырауы болыпты шалынбайтын.

Толық оқу

Сен аман бол

BuraNaiman

Сен аман бол, менің жақсы адамым,
Сен қуансаң, мен дағы мәз боламын.
Тоқтамасын жүрегіңнің соғысы,
Тоқтатқанша айналуды ғаламым.

Толық оқу

Сенсіз

BuraNaiman

Күндіз, түнде,
таңда, кеште,
Сенің бейнең кетпейді естен.
Шамдар сынды көшедегі,

Толық оқу

Жапырақ жан

BuraNaiman

Толассыз күз жауыны құты кеткен,
Салқын самал ырқымен сіркіреткен.
Тіршілікті меңзейді ақ қайыңдар,
Саусағының ұштары дір-дір еткен.

Толық оқу

Екі түрлі

BuraNaiman

Екі түрлі неліктен аспанымыз?
Бір жұмыр жер емес пе басқанымыз.
Көңілдегі сезімдер егіз болып,
Қосылмай жүр, қалайша бастарымыз?

Толық оқу