тіл маманының хаты
Бұл бетте «тіл маманының хаты» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған тіл туралы өлең берілген.
Теңеп жүрмін өзіңе көп сын есім,
Бірақ менен зат есімдер қалайсың,
Сан есімнің шаштым талай кәдесін,
Етістіктен біреу қашан сыйлайсың.
Одағайлап серенада арнадым,
Үстеулермен қанықтырып жырымды.
Еліктеулеп саңқ-саңқ ұшты арманым,
Шылау етіп ұстатпастан қолыңды.
Сағынбаймыз бірімізді-біріміз,
Есімдік боп қалар есте атымыз.
Сөз табындай әртүрліміз неге біз?
Сөйлем болып қосыла алмай жатырмыз.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі