Бұл бетте «Жазсам ба - жазбайын ба?» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жазсам ба - жазбайын ба?
Келемін қалай ымға.
Оқталып - қалтарам көп,
Бейнеңе қараймын да.
Кім сені ұнатпасын,
Кім сені құмарпасын?
Оянар ұшқыр сезім
Жүректің талайында.
Жүзіп ең қай айдында,
Түн өтті талай мұңда.
Сен мені дәл өзімдей
Сағынып сарғайдың ба?
Жайнады пәс көңілім,
Бақытты әсте өмірім,
Қуанып жүрмін іштей
Келдің сен май айында…
Сыр ашпай қалайын ба,
Қамалып сарайымда,
Бір ауыз сөзге келмей
От болып жанайын ба?
Жасырын ғашық болдым
Көңілім тасып-толдым
Не істесем болады екен?
Жазсам ба - жазбайын ба?
Бура-Найман
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі