Бұл бетте «Жастық шақ» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жастық шақ өткенің бе қайран боп,
Оралыңа шарам да жоқ, айлам жоқ.
Естелікпен күн өткізіп өткенше,
Бір күніңді сыйға берші қайтан кеп.
Қайда кездер қуанышты шат күлкі
Қайда көздер шашып тұрған бақытты.
Неге менен кетуге сең асықтың
Мен де ұзауға неге сонша асықтым?
Достар қайда сайран сауық құратын
Қыздар қайда сызылып ақ тұратын?
Бәрі кетті, бәрі әке, бәрі ана,
Бірі ұстаз, бірі ұста, бірі ақын.
Бәрі кетті, жөн-жөнімен сан-саққа.
Өкін, сағын пайдасы жоқ саң соқпа!
Олар енді әлдеқайда алшақта,
Оларға енді басты уайым жан сақтау…
Беуу жастық шақ, оралмайсың неге сен?
Сағынбас ем ғажабыңды көрмесем.
Өкінбес ем думан қуып жүрмесем,
Шөлдемес ем мастанбасам бақыттан,
Мұңаймас ем, мұңайуды білмесем.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі