Қараша түнеген ауыл
Бұл бетте «Қараша түнеген ауыл» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
...Эпосқа жатпайды сеніп,
Ойы да, қыры да
Елес.
Қараша бұлтына жерік,
Көктемді іздеген емес.
Сол ауыл –
Жаугер заманда,
Қалыпты біздерге мирас.
Селт етпей, адам, ғаламға,
Эраға айылын жимас.
Тамсанар таулардың түнін,
Онда жоқ көсілген дала.
Есімде қалғаны бүгін,
Ескірген молалар ғана.
Ұқсайтын қыздың мұңына,
Еліткіш, есуас жаны.
Мен барсам күздің жырына,
Босайтын шығармын, тағы...
О, мені өзіңе шақыр,
Тасыңмен туыспын, таулар!
Арша табытта алаңсыз жатыр,
Алтайға жерленген шалдар.
Ойы да, қыры да
Елес,
Жадында тұтас бір дәуір.
Қабағын мүлде ашқан емес,
Қараша түнеген ауыл.
Ең ұлы ғасырды шақыр,
Бір тапса сол табар емін.
Алтайға жерленген ақыр,
Беу, шаһит жүрегім менің!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі