Аспан әлдиі

Бұл бетте «Аспан әлдиі» атты Мақпал Рахатқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жер-дүние дем алуда
Тынымсыз тіршіліктен
Болмайды көп алуға,
Үлесті ескі үміттен!
Талықсып масаурайды
Батқан күн ұясында
Өлеңдер жасаурайды,
Қаламның сиясында!
Аспаны әлдилеген
Жерді де ұйқы қысып.
Ана отыр сәбиімен,
Тамсанып, сүйсінісіп!
Ай қалқып аспанында
Тіршілік түнермесін!
Жырыңмен жасқадың ба,
Іркіліп күлер несін?
Жұлдыздар жанарында
Жіберді емеурінтіп.
Көк ғарыш ғаламында,
Отырмын өлеңдетіп!
Ана отыр әлдиімен
Қысып ап құшағында!
Аспанның сәбиі ме ең?
Дүние ұшағында?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері