Жанарыңда тұрады мың бір сұрақ

Бұл бетте «Жанарыңда тұрады мың бір сұрақ» атты Мақпал Рахатқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жанарыңда тұрады мың бір сұрақ,
Үлгермеймін оларды ылғи сұрап!
Ғарышты мен көремін дәл сол жерден,
Ғарышында көзіңнің бір күй тұрад!

Сол күйменен ұмытам бар күйбеңді
Жаным және сол күйден барды үйренді.
Кірпігімді әуенге малып қойып,
Орындықта отырам арғы үйдегі.!

Биіктік те осылай бола ма екен?
Жүректер де көктемде тоңады екен.
Жүрек болып тұрамын көзіңде ылғи
Нені сұрай аламын одан бөтен?

Жаныңыздан жырақтай аламын ба?
Қалай сізді саламын нала-мұңға?
Өтінемін, Анашым, рұқсат бер,
Шоқжұлдыз боп жанайын жанарыңда!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері