Жолықпашы жол түспес жолда маған

Бұл бетте «Жолықпашы жол түспес жолда маған» атты Мақпал Рахатқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жолықпашы жол түспес жолда маған
Кезікпеші түндерде Ай қолдамаған
Ең жарық көшесінде қиялымның
Ең нәзік гүлді сыйла, сонда маған!

Селкеу түспес сезімнен кенде ме адам
Сергелдең сәттеріңде сенбе маған!
Ғаламның ең ғажайып ертегісін,
Ақ адал қолдарыммен емдеп алам!

Саған әр қадамымды санай барам,
Таң күтіп ғұмырымнан арайлаған
Үнсіздік бізге ғажап өзгеше сыр
Үздігіп үзілердей қарай ма адам?

Бақтарды кешқұрым сәт біз аралар
Жаныма бір ерекше ән оралар
Қиялды енді жалғыз кезсең егер,
Өзіңмен мен сүйетін гүл ала бар!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері