Қыран құстай самғаймыз – Жұлдыз Талғатқызы Сүлейменова

Бұл бетте «Қыран құстай самғаймыз» атты Жұлдыз Талғатқызы Сүлейменова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қыран құстай самғаймыз.
Өлең жазсақ талмаймыз.
Айтыңдаршы,ақындар,
Шын өмірде қандаймыз?

Сүйген жанды кешпедік.
Əр жазбамыз естелік.
Тау қопардық өлеңде,
Шын өмірде не істедік?!

Келгендей боп ғарыштан.
Сөз сөйлейміз алыстан.
Шын өмірде момақан,
Өлеңде біз-арыстан

Мұңды бол-деп қамсызға.
Жан бітірдік жансызға.
Қаламдастар,біз үшін,
Жырсыз өмір мəнсіз ба?...

Шабыт келсе ұстаймыз.
Түзу жолды нұсқаймыз.
Пендеміз ғой...өлеңде,-
Періштеге ұқсаймыз.

Əлеміміз бөлек пе?
Сыр ашыппыз терекке.
Біз жазатын шимайлар,
Болашаққа керек пе?...
????Жұлдыз Талғатқызы Сүлейменова


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар