күзгі естелік
Бұл бетте «күзгі естелік» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктем емес, екеумізді күз қосқан,
Талай жұлдыз шашып еді бізге аспан.
Бір дастанды жазып едік жаңадан,
Ғашықтарға айналған соң біз достан.
Сол күз куә пәктігіне сезімнің,
Гитарамды алып шыққан кезім мың.
Маған сенің қызыл ернің ұнайтын,
Жағушы еді саған менің жез үнім.
Бізге ғана жылы еді күз сонау,
Тоңдырса да ағаштарды сыз, қырау.
Бір ақ уайым мазалайтын біздерді,
Кездескенше тағаттана күн санау.
Күздей шашып жапырағын сарғайған,
Саған ғана арналады талай ән.
Сені сүйген кезді аңсадым соншалық,
Ерінімнен кетпей қойды балдай дәм.
Бура Найман
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі