Екеуміздің жолымыз тоғыспады,
Бұл бетте «Екеуміздің жолымыз тоғыспады,» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Екеуміздің жолымыз тоғыспады,
Тоғысуға Құдай да болыспады.
Оның көңлін табу да қиын екен,
Қиын дағы тағдырдың ағыстары.
“Өмір өзен” дейді ғой, қайда ағады?
Қай қаланы бүкпейді, қай жағаны.
Қарсы бетте тұрғандай сезінесің
Сезіледі жүректің аңсағаны.
Егер біздер кездессек, мысал үшін,
Сол мысалды қиялдап, қысады ішім.
Мұң арқалап жүргендей ақындар көп,
Ал өзіме артқандай құсалысын.
Арамызды қашық тұр алыстатып,
Шалыс басып, болса да, табыспадық.
Өңімізде бөлекпіз, дегенменен,
Түсімізде жүреміз қол ұстасып.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі