Сезім тұтқыны
Бұл бетте «Сезім тұтқыны» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сені көрген көздерім де
кінәлі,
Сені сүйген жүрегім де айыпты.
Бар болғаны көңіліңді ұрладым,
Жазаңды бер жаным енді лайықты.
Ұрламасқа болмай кетті амалым,
Саған деген құшталықты не етейін.
Махаббаттың түрмесіне қамалдым,
Өмір бойы тұтқының боп өтейін.
Арманымсың, бақытымсың, барым да
Саған арнап жыр әнімді жазамын,
Сен күзетіп мені жүрсең жанымда,
Қара су мен қара нанға ризамын.
Керек десең Күнді алып берейін
Сұлулығың алды естен таңдырып
Не айтсаң да не қылсаң да көнейін
Махаббаттың тұтқынымын мәңгілік.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі