Бұл бетте «Сағынбайтындарға» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Пенде едім мұңға көп малынбайтын,
Бір уайымнан болыппын арылмайтын.
Соңғы кезде жақынның ұялыма,
Қоңырауы болыпты шалынбайтын.
Мені әлде, болған ба сағынбайтын -
Не дерт екен дауасы табылмайтын?
Өзгені қой, жақыннан хабар күте,
Мынау әлем осынша тарылмайтын.
Заман, уақыт түрі жоқ дамылдайтын,
Көштен қалар кез де өткен, уайымдайтын.
Шаруадан қалды, - деп дүре соғып,
Ешкімнің де басы әсте шабылмайтын.
Хат та болды осы күн жазылмайтын,
Ат шаптырып жер-жерге шашылмайсың.
Телеграфтың қызына тәтті беріп,
Қоңырауды күтуден қажымайсың
Ержан Қабышұлы
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі