Бұл бетте «Оралмас бақ» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаралса да бір-бірінің бағы үшін,
Дегенменен тоғыспаған жолдары,
Біреу жүрді аралаумен бақ ішін,
Бақыт құсын байқамастан қолдағы.
Дос көзінде тұрды сезім жасырын,
Жүрегінде тұнып тұрды ізгі арман.
Қимаса да қасындағы ғашығын,
Көрсетпеді бір қылығын қызғанған.
Жан досына бола білді тілекші,
Қызғына жүре келді қуанып,
Ал жауапсыз сұрағына себепші
Өзге бақтың жүрді гүлін суарып.
Өзге жандар періштедей көрініп,
Өзгелерге жылулығын ұсынды.
Тағдырының бос қиялда өріліп,
Кеткендігін әттең кештеу түсінді.
Дәл осылай өтті жылдар арада,
Бұйырмады екеуіне кезігу.
Махаббаты қалды мәңгі санада
Болмаған соң жүрегінде сезіну.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі