Анасына баламның туылмаған
Мезет пе еді,өткен-кеткен күндерім?
Жастық па екен,серттік берген сөздерім?
Сөндіруді,туыс-мұңдас көздерді
Жеңіліспен теңер ме екен,жүрегім?
Қиналуды,өлең қылу мақтаң ба?
Ең бірінші қорқынышым,сақтаңған.
Саппен жүріп,саппен өлу керегін
Айтушылар сабылады,боқтаңған.
Ақындық па,мына бала тақпақтар?
Сатқындық па,өмір салған соқпақтар?
Сансыз сауал мына асау өмірге
Ақымақтық...
Шығатындай,мың тығылған бұқпақтар.
Жалғыздық ед,ауруың есуастық,
Мүмкін,сірә бере алмадық бақталастық.
Бесінші рет құтқарушың безген сәтте
Қимау оны,кейіпіндей жанталастық.
Жанталасу кейіпің бақыт пе еді?
Мысы саған Өспеннің жақұт па еді?
Әр сәтің меніменнен көтерілген
Түсу үшін лезде төмен уақыт пе еді?
Болдың тыйым ойларыма ластанған,
Жоғаласың әр сөзімде қоспаған.
Тежеу болды,мына жалғыз ақылым,
Жүрек аттас тентегімнен мастанған.
Кез-келді ойымның дамылдаған,
Аспан асып жатыр ғой жазылмаған.
Саған ғана осы өлең түсінікті,
Анасына баламның туылмаған.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі