Кетем дедің – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Кетем дедің» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1249
«Кетем дедің.
Кетсең кет!
Мен өлмеспін.
Күндер кештік.
Күй кештік,
Төленбес құн,
Неге деп сұрамайды сенен де ешкім,
Неге деп сұрамайды менен де ешкім,
Алғашқы сезімдерді теңгермессің.
Түсінерсің, өзгеден, кем көрмессің
Кетем дедің,
Кетсең кет!
Сен де өлмессің.
Екеуді ашу-ыза араға алды,
Екеудің ортасында бала бар-ды.
Қос тағдыр екі айырылып жүріп кетті,
Үш адам жүрегінде жара қалды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері