Не болар еді? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Не болар еді?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1233
Көшуін қойса тырналар,
Не болар еді?
Жерде жүрген,
Рас, бәлкім, мол болар жемі.
Қорқыныш пен тәуекел
Азаяр, бірақ, алтанат пенен
Сән-сайран кем болар еді.
(А. СҰЛТАНОВ. Талтүс. 37-бет)
Ішуіп қойса ақындар,
Не болар еді?
Алдамшы шабыт – лапылдар
Жоғалар еді.
Алыстап кеткен ақылдар
Оралар еді.
Алыс пенен жақынды
Көре алар еді.
Жырларын сонда татымды
Бере алар еді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері