Шана – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шана» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3369
Тысқа шығып Дүрімбек,
Қайта кірді күлімдеп:
«Қар жауып тұр, алақай!
Сырғанаймыз бүгін», – деп.
Алды шеге, ағашын,
Балғасы мен арасын.
Өнерін сап өзінің,
Жасамақ боп шанасын.
Ағаштарын аралап,
Болғаннан соң саралап,
Әрбір жеке тетікті
Шегесімен бекітті.
Болды шана аумаған,
Шықты сүйреп ауладан.
Достарына қосылды
Асыр салып, аунаған.
Кетті төмен құлдырап,
Көз ұшында бұлдырап.
Дүрімбектің шанасы
Достарына тұрды ұнап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері