Ойнашы, сыбызғы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ойнашы, сыбызғы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1620
Сыбызғы, әсем әуен ойнашы бір,
Қуалап қайғы-мұңды қайдағы бір.
Жаныма жан рахат нұрын сеуіп,
Есіме түссін жайлы жайдары жыр.
Сыбызғы, үніңе шын балқып кеттім.
Көңілім көтеріліп, шалқып кеттім.
Қайғы-мұң қанат қағып менен шалғай,
Балбырап төсегіңде қалғып кеттім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері