Өлең, жыр, ақындар

Жел қайықта

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1846
( ........ арнадым)
(Қазақстанның 4-жалпы кеңестер жиылысында ең бірінші рет Қазақстанға келген аэропланмен ұшқанымызда.)

Ұмытпа сол күнді сен аспанға ұшқан,
Жер-көкті құлаш жайып қабат құшқан.
Қыбырлап қара құрттай жерде қалып,
Қадалған көзін алмай дос пен дұшпан.
Аспанның дариясына салдық қайық,
Сарнатып, көк күңірентіп қанат жайып.
Бел буып елсіз аспан жайда болдық,
Көкке асып, қара жерден болып ғайып.
Жолдасым сол жойқында еді қандай?
Қара жер төмен қалған алақандай...
Отырдық самұрықтың қанатында,
Отырған құшақтасып балапандай.
Ұшқанда қиял жүрді әлдеқайда:
Қайтер ек барсақ ұшып алтын айға?
Гуілдеп көктен асып барып түссек,
Жұмақтай кемшілік жоқ көркем жай ма?
Армады саған өлең құшқан ақын,
Жан қосып сеніменен ұшқан ақын.
Аспанның дариясында қалқығанда,
Қасында кім бар еді менен жақын?!

1914 жыл. 7-қаңтар, Орынбор



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын күз

  • 0
  • 4

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын.
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Толық

Жазғы дала

  • 0
  • 2

Тамылжыған жас иісті,
Жазғы жасыл көк дала.
Жайылған жібек кілемдей,
Қызылды, жасыл көк дала.

Толық

Самұрық

  • 0
  • 0

Қиссада ұшқыр қиял айтылмыштан:
Ертеде самұрықпен Қасен ұшқан.
Жеті қат от пен судан көктей өтіп,
Перінің патшасының қызын құшқан.

Толық

Қарап көріңіз