Анамның мерекесі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Анамның мерекесі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мерекесі бүгін,
Алтын анамның.
Сыйлайыншы гүлін,
Жарқын даламның.
Күлімдеген көзің,
Күннің нұрындай.
Ұлым деген сөзің,
Ақын жырындай.
Дүниеде артық,
Жан жоқ анамнан.
Дариядай шалқып,
Ән боп таралған.
Мерекесі бүгін,
Алтын анамның.
Сыйлайыншы гүлін,
Жарқын даламның.
Айналайын ана,
Шаттық күніңмен.
Сыйлайыншы саған,
Дала гүлін мен.
Мерекелі күнің,
Қандай тамаша.
Кеудеңдегі гүлің,
Қалды жараса.


Пікірлер (1)

Жансая

Күштііііііі«✓»

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері