Алланың әмірімен – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Алланың әмірімен» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1416
Өкпелеп қайда барып сиясың ел.
Көз жасың көл болса да тиясың ел.
Кешегі Алаштардың рухы қолдап,
Хаттары бізге жеткен сия сіңген.
Тегінен кеткен жоқ қой, Алаш тайып,
Мәшһүр айтқан күн туар, адаспайық.
Төңкеріс деп төңтеріс болып жүріп,
Кетпесінші бір күнде Алаш ғайып.
Дос дұшпаның саралап сыңайыңды.
Күніңді қор,
Тұл етер мына айыңды.
Патша деген Алланың аманаты,
Патшаны сүй,
Сүйгендей құдайыңды.
Бақ тарайды ұлына баталы елден.
Қазағым ерек шықты қатар елден.
Тегіне үңілсеңші текті ұрпақ қой,
Үш жүзге бабалары бата берген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері