Сымдар – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Сымдар» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1329
Аспан тұрды айналаны тұйықтап,
Жалт қарадым – тоқтадым,
Жалап-жалап дүниенің оттарын
Үндемейді жел де, тілі күйіп қап.

Айналада – ауада бір діріл бар,
Тыңда, тыңда... бағаналар, тұрыңдар.
Әппақ, әппақ құлақшалар түрілген
Үн аулайды ол ауадағы дірілден.

Үн аулайды, жата алмайды о да жәй,
Үн оянса – барлық құлақ қомағай.
Асайды олар бар дыбысты күн-түні,
Құлақтың да бар өзінше құлқыны.

Бұл дүниенің ол шетінде жатып ап
Не дейді анау ағылшындық ақымақ?...
Торғай ұшса селк етеді жапырақ, –
Сымдар жатты соның бәрін бақылап.

Сымдар жатыр, сымдар жатыр шіренген,
Ыстық демді бір ел тартты бір елден.
Тебінгідей құлағымды түрем мен,
Сымдар жатыр, сымдар жатыр шіренген…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері