Ертең біз жол жүреміз – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Ертең біз жол жүреміз» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 3
  • 97783
Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар.
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.
Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.
Қамданыңдар. Болашақ деген елге,
Қандай біз сый-сияпат апарамыз.
Қорқауды, өсекшілді қатарға алма,
Кеселін тигізеді сапарға алда.
He бетімізді айтамыз Болашаққа?
Жат қылықты қалдырмай апарғанда
Жамандық атаулыны қалдырыңдар,
Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар.
Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,
Жақсылықтан жаралған тағдырың бар.
Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!
...Тірі жетсең, Болашақ өзі айтады,
Қайсыңның қанша пұттық салмағың бар.


Пікірлер (3)

Толғанай

Кеше туған күні болдыма

Марико

Мұқағалидың «Ертең біз жол жүреміз» өлеңін қайта оқып, ойға баттым. Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар... бәріміз болашаққа бірге барамыз ғой. Жаман қылықтарды өртеп, жақсылықты ғана апарайық деген үндеу жүрекке жетеді. Осындай мәнді өлеңдерді сақтап жүргендеріңізге алғыс, рухымызды көтереді!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері