Бұл бетте «Үш тоты» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Рая, Сәуле, Нұржамал,
Жүздеріңнен нұр жауар.
Өздеріңді көрген жан
Бір өртеніп, бір жанар.
Көңілдерің көктемдей,
Көктем лебі өпкендей.
Көріктеріңе қарасам,
Біріңнен бірің өткендей.
Қайың ба екен, тал ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен?
Сендерді сүйген жігіттің
Арманы, сірә, бар ма екен?
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі