Сары самауыр қайнайды бабыменен

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1542
Сары самауыр қайнайды бабыменен,
Жақсы жiгiт ойнайды жарыменен.
Жанарыңды алыстан жаудыратпай,
Жақсы көрсең шынымен жаныма кел.
Жақындашы жаныма, жай берейiн,
Жұлдыз санап,
Жүзiңнен Ай көрейiн.
Жаман-жəутiк болмаса жатырқайтын,
Жаратқанға бəрi бiр – бай, кедейдiң.
Сары самауыр, көрдiң бе, қайнағанын?
Жаныма кеп отырсаң, жайланамын.
Батқан күннен аумайды балғын жүзiң,
Атқан таңнан аумайды айқабағың.
Сен де сыңар, қарағым, мен де сыңар,
Жалғыздыққа қашанғы пенде шыдар?
Айлы түнде балауыз шамдай жанып
Аққулар да жарасып көлге шығар!
«Самауырда, – демешi, – шəй қалмады»
Жайыңды айтшы, қарағым, жайлан-дағы:
Бiр-ақ, сəт қой тұнықтың лайланбағы!
Бiр-ақ, сəт қой жiгiттiң бай болмағы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сары самауыр қайнайды бабыменен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сары самауыр қайнайды бабыменен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сары самауыр қайнайды бабыменен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сары самауыр қайнайды бабыменен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері