Өлең, жыр, ақындар

Марал мен дәруіш

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1664
Өлген лағын көз алдына келтіріп,
Жүрген Марал көңілі тым нала боп,
Тауып алып тоғайдан қос Бөлтірік,
Бауырына басты оларды ана боп.
Жаны қалмай сүт берді,
Асырады, күтті енді.
Дәруіш оған ақыл айтты дана боп:
«О, аңғалым, кімге жайдың жаныңды?
Ана ақ сүтін әлдекімге бере ме?
Әлде олардан алғыс алғың келе ме?
(Жауыздығын білмеймісің, немене?)
Олар түбі төгер сенің қаныңды».
«Болу мүмкін, – деді Марал, – солай да,
Ойлағам жоқ алайда,
Ойламан да ендеше;
Менің үшін ана мейірі бағалы,
Жанды қинап, сүтім текке ағады,
Егер біреу ембесе».
* * *
Өмір заңы ол-дағы,
Жақсыларды байлық беріп қолдайды.
Бірақ-тағы артық затын қолдағы
Бөлісер жан болмайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қабақты қату түйіп тым

  • 0
  • 0

Қабақты қату түйіп тым,
Отырдың шетте тұйық тым.
Әлде бір жаннан опық жеп,
Таттың ба уын күйіктің?

Толық

Жас жұбайлар

  • 0
  • 0

Жас жұбайла –
Бір-біріне қимас көңіл жанашырлы,
Жанашырлы болыңыздар, жарасымды,
Жас жұбайлар,

Толық

Сараң мен тауық

  • 0
  • 0

Қолда барын жоғалтар тойымы жоқ сараңдар;
Уақыт аз іздестіріп алаңдар,
Сенем оған – көп қой олар қатарда,
Әуре болып жатам ба,

Толық