Намыс
Жол айрықта төрт кейіпкер жолықты,
Деп қуанды: "Дос қатары толықты".
От пенен Су, Жел мен Намыс кезігіп,
Әзәзіл де айырмас дос болыпты.
Бір күндері шешім құрып ермекке,
Ойласқан-ды бөлек жүріп көрмекке.
Достар солай бірін-бірі құрметтеп,
Уәделесті бар қадірін білмекке.
От айтыпты: - Күдерді еш үзбеңдер,
Осы болсын мәжілісті түзген жер.
Мені әрдайым табу үшін оп-оңай,
Түтін шыққан жерден ғана іздеңдер.
Су сөйледі: - Мен бұлттарда қонамын,
Жауын жауса, мұхит болып толамын.
Тастарды да бұзып, жарып арқырап,
Биік таудың етегінде боламын.
Бұл сөздерге Жел де түрді құлағын:
- Желпіндірем қыр басының құрағын.
Қаңбақ ұшып, тербелгенде жапырақ,
Таптым дей бер, мен сол жерде тұрамын.
Үш дос солай бірін бірі жалғады,
Мүмкін емес олар үнсіз қалмағы.
Өз жайынан сыр шерткенде өзгелер,
Тек Намыстың айтар сөзі болмады.
Аңтарылған достар кейпі асыл-ды,
"Сені қайдан іздейміз" - деп тосылды.
Сонда Намыс ауыр ғана күрсінді,
Күрсінді де айтар сөзге қосылды:
- Әділеттің жолын кімдер жалғайды?
Ұят кетсе адалдық та қалмайды.
Бір жоғалтқан адам мені, достарым,
Ешқашан да қайта таба алмайды!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі