aiguluzunata

  • Ұпайы: 144
  • Тіркелген уақыты: 02.12.2022 14:12
  • Соңғы кірген уақыты: 23.10.2025 10:04
  • Аты-жөні: Айгүл Қадыр
  • Жынысы: Әйел
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Өлеңдер

Айгүл Қадыр - өлеңдері

Айгүл Қадыр жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.

Өмірді сүйем!

aiguluzunata

Күліп атқан арайлы таңды сүйем,
Жүрегі бар ақ адал жанды сүйем.
Жарық өмір сыйлаған анамды ойлап,
Аналардың əлемде бəрін сүйем.

Толық оқу

Сен жайлы

aiguluzunata

- Ұйқысы тыныш па, жайлы ма?
Таңдардан сұрадым сен жайлы.
Көз ілмей, түнімен дөңбекшіп,
Шекпеген шығар деп сәл қайғы.

Толық оқу

Сағындырма

aiguluzunata

Көктеміңді дауылдатам, күз қылам,
Есімімді етем сендік ізгі ұран.
Түн ұйқыңды төрт бөлемін іздетіп,
Махаббаттың у шарабын жүз грамм.

Толық оқу

Күз

aiguluzunata

Күз кетіп барады,
Таусылып желегі.
Қалады санамда,
Әр күннің дерегі.

Толық оқу

Сен болмасаң

aiguluzunata

Сен болмасаң көп қуанып күлмес ем,
Сезімнің де не екенін білмес ем.
Сағынғанда іштен тынып, күрсініп,
Жанарыма бір тамшы жас ілмес ем.

Толық оқу

Тамыз көшіп барады

aiguluzunata

Жаз да кетті елес боп әр ақпары,
Тамыздың да таусылды парақтары.
Жайма шуақ күндерді шығарып сап,
Қайтқан құсқа қалыпты қарап бәрі.

Толық оқу

Жазды қимай қаламыз

aiguluzunata

Қимастықтан көңілде туады аңыз,
Ауысқанда мезгілдер жұбанамыз.
Ақ қарымен балаша қауышсақ та,
Қыс біткенде ел болып қуанамыз.

Толық оқу

Шаршадым дейсің бе?

aiguluzunata

Шаршадым дейсің бе?
Шаршамай жүрген бар ма екен адам,
Бассаң да дұрыс, түп-түзу қадам,
Көре алмай жүрсің өскенін бағаң.

Толық оқу

Ұмыта алсаң

aiguluzunata

Айғыз-айғыз көңілімнің өрнегі,
Өрлемей тұр сезімнің де өр демі.
Жерден, көктен таба алмадым амалын,
Ұмыта алсаң сен ұмытып көр мені.

Толық оқу

Абайға хат

aiguluzunata

Уа, данышпан, кемеңгер, ұлы адамым,
Ғылым-білім жұртыңа сұрағаның.
Ұрпақтарың орындап арманыңды,
Алды ма екен өмірден ұнағанын?

Толық оқу

Өмірден мағына іздеу

aiguluzunata

Өз өзімді түсінбей жүрмін мүлде,
Өкпелі де емес ем күн мен түнге.
Болмысымның қазіргі құны қандай?
Кімге тікен, кімге шөп, гүлмін кімге?

Толық оқу

Шеге мен сабыр

aiguluzunata

Ертеректе болыпты бір жас жігіт,
Тілі ащы кететіндей тасты үгіп.
Бірде әкесі шақырыпты баласын,
Бұл мінезін түземекке бас тігіп.

Толық оқу

Намыс

aiguluzunata

Жол айрықта төрт кейіпкер жолықты,
Деп қуанды: "Дос қатары толықты".
От пенен Су, Жел мен Намыс кезігіп,
Әзәзіл де айырмас дос болыпты.

Толық оқу

Қарт ұстаз

aiguluzunata

Мекендеген даналықтың ауылын,
Бұл фәниде адамзаттың жауы кім?
Ертеректе болыпты бір қарт ұстаз,
Шәкірттермен толықтырған бауырын.

Толық оқу

Ақша бұлттар

aiguluzunata

Сәуірдегі сыңар бұлт көпке елес,
Анау қырға ақ жауын төккен емес.
Тербемесе көңілдің иірімін,
Өкпелеуге болмайды көктемге еш.

Толық оқу

Сағынып жүрмін

aiguluzunata

Жаз жұпары келгендей қыраттардан,
Кəусарына қандырған бұлақтардан.
Жүз адамға сəлемді бергеніңмен,
Ақылыңа көнбейді бірақ, талғам!

Толық оқу