Түндерімді жалғайды бұла таңым – Айгүл Қадыр

Бұл бетте «Түндерімді жалғайды бұла таңым» атты Айгүл Қадыр жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Түндерімді жалғайды бұла таңым,
Ұйқы көрмей кей түнді жылатамын.
Ой түбінде қалса да сынық кемем,
Сол түнімді ерекше ұнатамын.

Ұнатамын мазасыз сағынышты,
Сағынышта өмір бар бағы күшті.
Телефонды алам да өлең жазам,
Солай ғана суыйды жалын ішкі.

Өлең жазам, өзге іс қалған кейін,
Ол құрғырың нәзіктеу жанға бейім.
Сағынатын мені де жан бар-ау деп,
Толғатамын жырымды таңға дейін.

Осылар ғой мендегі түнді алдайтын,
Бірақ мұны мен емес кінәлайтын.
Өлең менен сағыныш егіз ұғым,
Бір-бірінсіз өмірді сүре алмайтын.
* * *
Түндерімді жалғайды бұла таңым,
Ұйқы көрмей кей түнді жылатамын.
Сағынышты өлеңмен өрнектеген,
Сол түнімді ерекше ұнатамын.
Айгүл Қадыр


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар