Таң салқындау, ерте шықсам тоңам ба –
Есенғали Раушанов
Бұл бетте «Таң салқындау, ерте шықсам тоңам ба» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таң салқындау, ерте шықсам тоңам ба,
Қайтпай қалған жалғыз үйрек тоғанда.
Той боп жатыр. Жаңа кафе уда-шу,
Біздің тойлар өткен ескі орамда.
Дәурен еді-ау ол да бір,
Шыққым келіп аласұрам жолға кіл.
”Кеттік!” десем тартынады Аманхан,
Қорқатұғын не бар дейді-ей, сонда бұл.
Біздің қыздар қайда , қайсы жақта жүр,
Қайда ән-жыр, қайда күлкі , шақпа әзіл.
Шулап шыға келмес пе екен шайтандар,
Алдымдағы айналмадан тап қазір.
Қалды бізден өлең деген, хат деген,
Өтсем деймін баяғы ескі жақпенен.
Екі миллион адамы бар қаладан,
Екі кісі табылмайды, әттеген.
Ештеңе де бүлінген жоқ ересен,
Елегізіп неге үркесің, неге сен,
Алатаудан сол жұмсақ жел есіп тұр.
Былтырғыдан сәл суықтау демесең.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі