Бесік мола
Бұл бетте «Бесік мола» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шөгергендей қаз-қатар жүз ботаны
Өркеш-өркеш құмды айтам сізге тағы.
Барханның бетіндегі саржарадай
Жалғыз мола жанымды сыздатады.
Қоймапты онда қылышты, жебені де,
(Балдырғанға жебенің керегі не?)
Тал бесікті арқаға таңып алып,
Талай жылды атқарған төбе міне!
Сәби ғой бұл, гүлін ап кесіктердің,
Екі арасын жол қылар есік-төрдің.
Тозған телпек секілді дөңгеленген
Боз төбені жастанған бесік көрдім.
Қансыраған қаншырдай жаралы күн,
Иіскей алмай кеткенде бала гүлін,
Қаралы құм тербетіп ап қалғандай
Тал бесікке сыйдырып нала-мұңын.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі