Баба бейітінде
Бұл бетте «Баба бейітінде» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзiң бiлесiң,
Дұғамнан тастамадым есiмiңдi,
Ашпасаң ашпа, баба, есiгiңдi.
Кiм бiлсiн, мүсiркеуден шаршадың ба,
О бастан бақыты кем кесiр ұлды?
Сен түгiл мен өзiм де шаршап бiттiм,
Себебi сендiм, Ата, аңсап, күттiм.
Күткенiң, аңсағаның не десеңiз,
Оты екен жалғандық пен жаңсақтықтың.
Мiнеки, тауың жатыр шөккен нардай,
Ентiгiп шөккен нарға жеткен қандай?
Жоқ менде тiлер тiлек, айтар арзу,
Басыңа келсем-дағы көптен қалмай.
Бiр күнi қуғанменен қырсық қанша,
Мен-дағы көгерермiн бүршiк талша.
Ал бүгiн жарым түнде жалғыз келiп,
Отырам босағаңда күн шыққанша.
Күн шыққан соң кетемiн...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі