Күз – Айгүл Қадыр

Бұл бетте «Күз» атты Айгүл Қадыр жазған табиғат туралы өлең берілген.

Күз кетіп барады,
Таусылып желегі.
Қалады санамда,
Әр күннің дерегі.

Қоштасты ақырап,
Қауысқа жол беріп.
Бір үзік сырымды,
Әкетті өңгеріп.

Үнсіз қап шегіртке,
Ырғаққа ереді.
Ол дағы жауынның,
Хабарын береді.

Таулар да басына,
Ақ бұлтты орайды.
Төбелер шыңдарға,
Қызыға қарайды.

Ертең-ақ қараша,
Қырауын үрлейді.
Ол сірә біз сызған,
Жолдармен жүрмейді.

Тоналып жапырақ,
Желменен көшеді.
Олар да көктемді,
Аңсайды деседі.
Айгүл Қадыр


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар