Тамалар! – Абдилов Серик Ашимович

Бұл бетте «Тамалар!» атты Абдилов Серик Ашимович жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тама ,тама ,тамалар!
Қарабура бабалар.
Әулиеден тараған,
Тама құрақ ағалар.

Тама құрақ о,бастан
Жеті рудан тараған.
Түйесі қара әулие атам,
Қарабура атанған.

Арыстанбаб,Қожа Ахмет
Үзенкілес жолдастар.
Пайғамбардан бата алып,
Қарабура жол бастар.

Ләшкәр,тама аттанып,
Алтай менен Дунайды,
Волга менен Жайықты
Үйірін сонда жайыпты.

Тама ,тама ,тамалар!
Содан бастап танылар.
Әйтеке би кіші жүз,
Қастарынан табылар.

Бір құмыра суменен
Жауындырып, кебіндеп,
Қожа Ахмет бабамды,
Қара бура жерлеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері