Әжелер – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Әжелер» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2019
  • 0
  • 1
  • 6677
Кірді түн үйге есіктен
Жамылып қара желегін,
Тербете берді бесікті
Әженің айтып өлеңін.
Тербетіп отыр түн әже
Жылаған немерелерін.
Баяндап отыр түн әже
Күн әженің де келерін.
Сәбилер қашан тыншыған...
Сыңсыған ән де үзілді.
Кезектен кетті түн әже
Күн әже кірді қызулы.


Пікірлер (1)

Әсел

Бәріне сәлем! Өтініш әже жайлы ағылшынша бір-екі шумақ өлең тауып беріңіздерші

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері