Сот соттамайды
(Екі достың әңгімесінен)
– Иә, достым, қайдан келесің?
Жүрісіңнің байқадым жайдан емесін.
– Бейімбет айтқандай, соттан келемін,
Сот емес, оттан келемін,
Қып-қызыл шоқтан келемін.
Күймегенде нем қалды?
Құры сүлдем қалды.
Бір мекемеде есепші едім,
Десем де дұрыс есептедім,
Бірде қателесіп кетіппін,
Бір нөлді үш нөл етіппін.
Үш мың теңгенің орнына
Үш жүз мың теңгені
Ұстатыппын біреудің қолына.
Сонымен, артық берген ақша
Жазылды өз мойныма.
Табанда төлей қояр ақшам жоқ,
Шынынша миы бар «шақшам» жоқ.
Содан ісім сотқа өтті,
Сот миымды ботқа етті:
«Мекеме мүлкін шашыпсың,
Ақшаны өз қалтаңа басыпсың.
Тойдырмақ болғаның үшін құлқыңды,
Тәркілейміз мүлкіңді.
Өзіңді үш жыл қамаққа кесеміз,
Сонда қайтады есеміз», –
Деп сот үкім шығарды,
Үкімді бүгін шығарды.
Ертеңге дейін ақша тауып келмесем,
«Қарызымды» өтеп бермесем,
Қамалатын болдым қапасқа,
Еш нәрсем жоқ қой «запаста»...
Досы нағыз жомарт еді:
– Мұңаюды доғар, – деді,
Сот сені соттамайды,
Қиянат іске аттамайды.
Сен аңғалдықтан жаңылдың,
Үш жүз мың теңгеге қағылдың.
Оны өз пайдаңа асырмадың,
Шындықты жасырмадың.
Сол ақшаңды мен төлеп берем,
Қайтаруың керек демен.
Сенің еркіндікте жүргенің керек,
Дос-жаранмен ойнап-күлгенің керек.
Алдыртқан ақшаны ешкім жоқтамайды,
Сот енді сені соттамайды.
– Түйені түгімен жұтатын,
Кемені жүгімен жұтатын,
Жерді табанымен жұтатын,
Көлді балығымен жұтатын
Жебірлерді ешкім көрмейді ме?
Оларды сотқа бермейді ме?
– Иә, дұрыс айтасың,
Бірақ, бұрыс айтасың.
Дұрыстығы –
Жайындай жалмауыздардың,
Кит секілді қанды ауыздардың
Істері сотқа жетпейді,
Жетсе де, тергеуден өтпейді.
Өйткені, соттардың ауына
Киттер сыймайды.
Жеңіл-желпі дауына
Шабақтарды жинайды.
Киттерді жоғарыдағылар жақтайды,
Сондықтан, соттардың тістері батпайды,
Қанша қара болса да, ақтайды,
Қылмыстарын құпия сақтайды.
Алайда, қылмастары ашыла қалса,
Баспа бетіне басыла қалса,
Жебірлер Алатаудан асып кетеді,
Шет елдерге қашып кетеді.
Демек «тәуір» тұрмыстылар,
Аса ауыр қылмыстылар
Қолға да түспейді,
Торға да түспейді.
Көзге көрінбеген соң, жоқтамайды,
Іс жабалды деп санайды.
Сондықтан, ондайларды
Сот соттамайды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі