Кезегі күзеттің – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Кезегі күзеттің» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1440
Тірліктің қадырын жас сабаз білген бе,
Нe жетсін жарықта жер басып жүргенге.
Зардабы жазым қып кетпесін дейміз де
Қазір біз қашамыз ащылау тілден де.
Қынжылып көріп пе ек қарнымыз ашқанға,
Қиналып көріп пе ек қиындық басқанға,
Жас шақта таяққа жығылып жатсақ та
Жанымыз шарқ ұрып жүретін аспанда.
Біз қазір кенелдік керемет ақылға,
Қызығы қоймайды батыл мен батырға.
Тал түсте оп – оңай жүреміз,
Кәдімгі таныс жол теп – тегіс тақырда.
Жас сабаз күледі сужүрек шалдарға,
Күле бер, қарғашым, тек ұзақ алданба.
Асықпа ақылың сенің де толады
Кезегі күзеттің өзіңе барғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері