Бұл бетте «Туған жер» атты Сайлаухан Нәкенов жазған туған жер туралы өлең берілген.
Аяулым, арманды өлкем, арда мекен,
Өзіңнен басқа көңіл бар ма бөтен?!
Сен жайлы өлең жаза беру үшін
Өзіңмен бір жасауды арман етем.
Сырқаттан кейбір сәтте секем алып,
Отырам орманыңда жеке қалып.
Бір күні тентек тағдыр басқа жолмен
Мені де бір аулаққа кете ме алып?..
Өлмейді, өлтірмейді мұнарлы үміт,
Бүркітті бөденелер бұғар біліп.
Торғайдың тірлігін де тілеттіріп,
Бұл өмір қойды-ау саған құмар қылып.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі