Бұл бетте «Сияқты кейде анығым – елес» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түсімде жерге қонбай ұшып жүрсем, Өңімде көше кезіп жаяулаймын. Түсімде бір сұлуды құшып жүрсем, Өңімде Мәжнүнге таяу қайғым.
Аяулым, арманды өлкем, арда мекен, Өзіңнен басқа көңіл бар ма бөтен?! Сен жайлы өлең жаза беру үшін Өзіңмен бір жасауды арман етем.
Астымда ақ арманым – арғымағым, Келеді жапалақтан үркіп өтіп. Тарқатып ақын көңіл бар құмарын, Ауылын өлең-қыздың дүркіретіп.
Хабарлама
INFO
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі