Жаңақорған жәннәт мекенім! – Абдилов Серик Ашимович

Бұл бетте «Жаңақорған жәннәт мекенім!» атты Абдилов Серик Ашимович жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сағындырды ауылымның көктемі ,
Сүйіп өстім ауылмау тексені.
Тырналарда тыраулайды көктегі
Жанақорған осындай ғой көктемі.

Маужырайды көктемдегі түнгі аспан ауылыма ән жазамын жыр дастан.
Таң бозынан бұлбұлдарың үн қосқан Сырдария жылтылдайды алыстан.

Жаңақорған ауылым туған мекенім,
Жанақорған білемін жәннат екенін.
Сағынышым басылмас менде сеземін
Туған мекен ауылдан қалай кетемін.

Бақытымның белесі ғой ауылым,
Сағыныпты ауылдағы бауырым
Ақ дастархан жайылып тосады ғой тәуірін,
Рахмет сендерге достарыммен бауырым.

Жаңақорған ауылым туған мекенім
Жаңақорған білемін жәннат екенін,
Сағынышым басылмас менде сеземін
Туған мекен ауылдан қалай кетемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері