Жареке хазірет үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Жареке хазірет үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1451
Туған жерге арнап дәйім дастанын,
От кеудесі алаулаған жас жалын.
Мешітімнің құлап қалған орнында,
Мұңға батып қандай ойдан жасқандың?
Бәрін-бәрін қызыл дауыл бүлдірген,
Жазықсызды ажал оққа ілдірген.
Дасдарханнан ішіп адал асымды,
Зомбылықпен от саларын кім білген?
Келер ұрпақ болмас бәрін айтпасқа,
Келген бақты қорғай білмей шоқ баспа.
Елің сенің болашағың ертеңің,
Дем біткенше хақ жолынан адаспа.
Кең құшағы жүрек тербер ән болған,
Туған жердің ен жайлауы Жем болған.
Сол ұяңнан басталады ұланым,
Отан анаң өміріңе нұр құйған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері