Жетісайлық Жамал апама – Абдилов Серик Ашимович

Бұл бетте «Жетісайлық Жамал апама» атты Абдилов Серик Ашимович жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ішімнен езіліп барамын
Жолыңа тағы қарадым.
Артымнан келіп қалардай,
Сағынып апа барамын.

Апа мен қалдым жырақта
Өзіңіз кетіп жұмаққа
Сіз барда бәрі қуатты
Бәріне түсіріп шуақты.

Қиялым болып жүресіз
Жүрекпен шындап күлесіз
Жарылқап бәрін жүресіз
Түсіме ғана кіресіз.

Ағаштар сарғыш тартқанда
Сіз жоқта жаңбыр жапқанда
Себелеп құйып жатқанда
Қызарып күнде батқанда.

Жамалым апам жамалым
Меніңде жоққой амалым
Бұйрығы енді Алланың
Қайырын берсін қалғанның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері