Өлең, жыр, ақындар

Бүркіт пен тышқан

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1555
Кішінің де ақылын
Тыңдаған жөн, батырым.
* * *
Алыс жақтан кеп енді,
Қонды Бүркіт жұбайымен орманға.
Біржолата тұрмақ болып сол маңда,
Таңдады да биіктеу бір еменді,
Шың басына ұя сала бастады,
Ұшырмақ боп жазға қарай Тірнегін.
Емен жайлы білгенін
Сол бүркітке айтты Тышқан, саспады:
«Қоныс үшін жарамайды емен бұл,
Тамырлары түгелдейін шіріген.
Таяу шақта дауыл тұрса ерен бір,
Құлар, мүмкін, қопарылып түбінен».
Бүркіт қалай тыңдасын бұл кеңесті,
Тышқан айтса мұны әрі?
Қыран көзі қырағы,
Соқыр емес-ті.
Көртышқанды тыңдауды іннен көмескі
Қорлық санаған
Құс патшасы оның сөзін жөн көрмей,
Кірісті іске өз күшіне сенгендей.
Ұя бітіп, елпеңдей,
Тойлап жатты қуанып тыс шамадан,
Бақытты еді: болды және балапан.
Бірде Бүркіт ертеменен оралып,
Келіп еді олжасын да мол алып.
Шыққыр көзі көрді еменді құлаған,
Балапанның қалмапты да бірі аман,
Жары да өлген, артпас бұдан сор анық.
Бүркіт сонда аһ ұрды:
«Бақытсызбын сүйенішсіз, таяусыз,
Тағдыр мені жазалады аяусыз,
Ұқпағаным үшін жақсы ақылды.
Расында тиімді де татымды
Тышқаннан сол кім күтіпті ақылды?»
«Айтқанымды құлағыңа ілсең ғой,
Жерді қазып жатқанымды білсең ғой,
Мұндай күйге түспес ең,
Қайғы уын ішпес ең, –
Деді Тышқан, – біздің нақты іске сен».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақыт қайда қонады?

  • 0
  • 0

Басымда тамаша ой бар еді,
Тамаша той бар еді:
Хор қызындай керемет
Бір қызға үйленсем, не керек?

Толық

Ей, аға

  • 0
  • 0

Ей, аға, мен несіне өкпелейін,
Еркің ғой десең-дағы жек көрейін.
Талантты бір інім деп таныған соң,
Өзіңді құрметтедім көпке дейін.

Толық

Сарбаз суреті

  • 0
  • 0

Толғандырып, ойландырып талайды,
Төрімізде бір бейне тұр арайлы.
Жиырма беске жаңа толған сол сарбаз
Кең әлемге күлімсірей қарайды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар