Жылы ұямыз – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Жылы ұямыз» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 782
КАЗПИ бір өзіміздің жылы ұямыз,
Төбесін көрсек сырттан жылынамыз.
Төрінен ұшырған сан өлең құсын,
Келмесек сағынамыз жылына біз.
Мектептес тұстастарды көріп содан
Сырласа, тіл қатыса жымиямыз!..
Шертісіп шәкірт кездің пернелерін
Жөнейміз жүзіп өмір жырына біз.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері