Түскі демалыс – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Түскі демалыс» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1292
Ішкен соң түскі тамағын,
Демалуға әрдайым,
Төсегі әр баланың
Шатырында дап-дайын.
Денені желпіп азырақ,
Тау самалы аймалай, —
Балалар жатыр маужырап,
Беттері қызыл алмадай.
Кірпіктері жұмылып,
Қастары да қиылып,
Жатыр ұйықтап жиылып,
Жанына рахат құйылып.
Шықылдап бір кез даладан,
Ұйқы ашар қоңырау ұрылды.
Солдаттарша жалма-жан,
Балалар тұрып киінді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері