Костер жыры
- 0
- 0
Әңгіме ғып жазғанда
Лаулап жанған костёрді,
Алайық еске аз ғана
Балалық қызық дәстүрді.
Бұл бетте «Доп ойнайтын алаңда» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әңгіме ғып жазғанда
Лаулап жанған костёрді,
Алайық еске аз ғана
Балалық қызық дәстүрді.
Тау бауыры гүлденген,
Кезі июнь айының,
Жапырақтарға бөленген
Қарағай, арша, қайыңын.
Таң ағарып қалғанда,
Күн шықты әне, күн шықты!
Шатыр толған алаңда,
Сызылып бір үн шықты.
Дабыл қаққан алғашқы,
Алғыр ұлан вожатый
Керней тілін дәл басты,
Ержан еді өз аты.
Ішкен соң түскі тамағын,
Демалуға әрдайым,
Төсегі әр баланың
Шатырында дап-дайын.
Түнгі аспанның төсінде
Дөп-дөңгелек ай жүзіп,
Көкала бұлттың үстінде,
Жарқырады жай жүзіп.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі